Accessibility links

Украина: Құлаған ұшақтың "қара жәшігі" табылды


Malaysia Airlines компаниясы ұшағының бір бөлшегі. Украина, Донецк облысы, 18 шілде 2014 жыл.
Malaysia Airlines компаниясы ұшағының бір бөлшегі. Украина, Донецк облысы, 18 шілде 2014 жыл.

Украинаның шығысында құлаған Малайзия жолаушылар ұшағының жазба жүргізетін құрылғысы (ауызекі тілде - қара жәшік) Украина мамандарының қолына түскен. Бұл туралы Украинаның жергілікті баспасөзі сыртқы істер министрі Павел Климкиннің сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Министр "Ұшақ апатын тексеретін халықаралық комиссия құрылғанын, оның құрамына ICAO (International Civil Aviation Organization - Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы), Нидерланд, Малайзия және АҚШ сарапшылары кіргенін" хабарлаған.

Малайзия әуе компаниясының АҚШ-та жасалған Боинг-777 авиалайнері 17 шілде күні Украинаның сепаратистер мен үкімет әскері соғысып жатқан Донецк облысында апатқа ұшырады. Бортындағы 300-ге жуық адам түгел қаза тапты.

Ресей мен Украинадағы ресейшіл сепаратистер бұған Украина билігін айыптайды, ал Киев "ұшақты атқан - сепаратистер" дейді.

АҚШ, Еуропа Одағы және авиация саласындағы ұйымдар апатты халықаралық бақылаушылар көмегімен тексеруге шақырды.

XS
SM
MD
LG