Accessibility links

Алматы аймағында жер сілкінді


Жер сілкінісін тіркейтін құралдың жазбасы. (Көрнекі сурет)
Жер сілкінісін тіркейтін құралдың жазбасы. (Көрнекі сурет)

19 шілде күні жергілікті уақыт бойынша 18 сағат 16 минутта Алматыдан 434 километр жерде 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Қазақстан ғылым және білім министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап қазақстандық агенттіктер хабарлады.

Ақпаратта жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 434 километр жерде, Қытай елінің аумағында орналасқаны айтылған. Зардап шеккендер мен зиян келгені туралы хабар түспеген.

Бұның алдында, 19 шілде күні сағат 13.17 шамасында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 847 километр жерде – Ауғанстан мемлекетінің аумағында жер сілкінісі болғаны жайлы хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG