Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
Инфографика
Апта бейнелері: 14-19 шілде
20 шілде 2014 жыл, 11:31
Азаттық 14-19 шілде аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
15 шілде күні Мәскеудегі Арбат-Покров метро линиясында болған
апаттан
23 адам қаза тауып, 270-тан аса адам жараланған. Апаттан зардап шеккен 138 адам ауруханада жатыр, олардың 19-ның жағдайы ауыр деп хабарланды. Ресей тергеу комитетінде метродағы апатқа жол бұрушы механизмдегі ақау себеп болған деп санайды. Апатқа байланысты Мәскеу метрополитенінің екі қызметкері ұсталғаны
хабарланған
.
2
Шілденің 15-і күні Алматыдағы АТФ банк ғимараты алдына жиналып, «ипотекаға алған үйлерін банктің тартып алмауын» талап еткен наразылар өздерімен кездесуге шыққан банк қызметкерлерімен сөйлесуден бас тартып, банктің бірінші басшысымен кездестірмесе банк алдында шатыр тігіп аштық жариялайтындарын ескертті. Наразылардың арасынан бірнеше адамды полиция
ұстап әкетті
.
3
Қазақстан үкіметі бұрынғы шенеунік Виктор Храпуновтың ұлы әрі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың күйеу баласы Ілияс Храпуновқа "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басқарды, қаржыны және заңсыз жолмен келген мүлікті заңдастырды" деген айыппен Интерпол арқылы
іздеу жариялады
. Бұған дейін баспасөз 30 жастағы кәсіпкер Ілияс Храпуновтың Швейцарияда тұрып жатқаны туралы хабарлаған еді.
4
15 шілде күні Шымкентте 1200 шығарманы (бесік жыры, ертегі, ән, күй, терме және Абайдың қара сөздерін) жатқа айтатын "Электронды қазақ үй" жобасы жұртшылыққа таныстырылды. Жоба авторы Ғалымбек Қызырбекұлы (суретте) оны "заманауи тәрбие құралы" деп
сипаттайды
.
5
16 шілде күні Гаага соты 1995 жылы Сребреницада (Сербия) қырғынға ұшыраған 300 мұсылманның өліміне Голландия үкіметі жауапты деп тапты. Сот шешімі бойынша, Сребреницада голландиялық бітімгерлік күштері босниялық серб әскерилеріне тапсырған соң өлтірілген 300 адамның отбасына Нидерланд үкіметі
өтемақы төлеуі
тиіс. Бұдан 19 жыл бұрын Сребреницада генерал Радко Младич басқарған босниялық сербтердің әскери күші 8 мыңға жуық мұсылман ер азаматтарын қырып тастаған еді. Боснияда 1992 - 1995 жылдар аралығында болған соғыс барысында 100 мыңнан аса адам қаза тапқан.
Суретте: Сребреницада қаза болғандардың туыстары сот тыңдауы кезінде. Гаага, 16 шілде 2014 жыл.
6
16 шілде күні Дамаскіде өткен айда Сирия президенті қызметіне кезекті рет сайланған Башар Асадтың
ант беру рәсімі
өтті. Сайлаудың ресми нәтижесі бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 88 пайызының қолдауына ие болған Асад үшінші мәрте жеті жыл мерзімге президент болып сайланған. Бірақ Сирияда ұрыс жүріп жатқан аудандар мен оппозиция күштері немесе исламшыл радикалдар бақылауындағы аймақтарда сайлау өткен жоқ. Оппозиция өкілдері бұл сайлауды «масқара» деп атап, оған бойкот жариялаған еді. Батыс мемлекеттері төрт жыл бойы азаматтық соғыс жүріп жатқан елде сайлау өткізу мәнсіз екенін мәлімдеген.
Суретте: Сирия президенті Башар Асад құрметті қарауыл алдынан өтіп барады. 16 шілде 2014 жыл.
7
16 шілде күні Астанада Қазақстанның бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің ісі бойынша сот процесі
басталды
. Оған «Өскемендегі 700 орындық кәсіптік орталық салу кезінде қызмет бабын пайдаланып бір миллиард теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған» деген айып тағылған. Сотта Шаяхметов ол айыпты жоққа шығарды.
8
17 шілде күні Малайзия әуе компаниясының Боинг-777 жолаушылар ұшағы Украинаның шығысындағы Донецк облысында апатқа ұшырап, бортындағы 298 адам (9 мемлекеттің азаматтары) түгелдей
қаза тапты
. Ресей мен Украинадағы ресейшіл сепаратистер бұған Украина билігін айыптайды, ал Киев «ұшақты зымыранмен атқан – сепаратистер» дейді. АҚШ, Еуропа Одағы және авиация саласындағы ұйымдар апатты халықаралық бақылаушылар көмегімен тексеруге шақырды.
Суретте: Өзін өзі Донецк облысының губернаторы деп жариялаған Павел Губарев (сол жақтан үшінші) Boeing 777 жолаушылар ұшағы құлаған жерде жүр. 18 шілде 2014 жыл.
9
17 шілде күні Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Талғар қаласының жоғарғы жағындағы су бөгетінің арғы бетіндегі
тауда жүрген сел
«орман шаруашылығындағы үш үйді, «Спутник» лагеріне апаратын автожолдар учаскелерін, өзен арнасына жақын орналасқан дәмхананың екі жазғы террасасын, жұмыс істемейтін лагерьдің кейбір ғимараттарын» басып, «Алматы – Қорғас» жолындағы автомобиль көпірін су шайып жатқаны» туралы хабарлады. Министрлік дерегінше, селден ешкімнің өміріне кесір тимеген.
10
17 шілде күні таңертең Кабул халықаралық әуежайына
шабуыл жасалғаны
хабарланды. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, әуежайдағы салынып жатқан ғимаратты басып алған қарулы топ автоматтар мен гранатометтерден атқылаған. Кабул әуежайының қасында НАТО әскери базасы орналасқан. Осының қарсаңында Ауғанстанның шығысындағы Пактика провинциясында базардағы террорлық жарылыстан ондаған адам мерт болған еді.
Суретте: Ауғанстан қауіпсіздік күштері Кабул халықаралық әуежайы маңында тұр. 17 шілде 2014 жыл.
11
17 шілде күні Алматыдағы Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасына жақын маңда салынып жатқан даулы кафе-бар құрылысына қатысты алғашқы
көшпелі сот отырысы
өтті. Тұрғындар кафе-бардың «заңсыз құрылысын» тоқтатуды талап етіп отыр. Ал құрылыс компаниясы заңды құжаттары түгел екенін айтады.
12
Бостон марафоны кезіндегі терактілерді тексеруге кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовтың ісі бойынша Бостонда өтіп жатқан сотта куәгерлер жауабы тыңдалып, тараптардың қорытынды
жарыссөздері
өткен соң судья Дуглас Вудлок 21 шілдеге дейін үзіліс
жариялады
. Тергеушілер Азамат Тәжаяқов пен тағы бір қазақстандық студент Диас Қадырбаев жарылыстарға басты күдікті Джохар Царнаевтың жатақханадағы бөлмесінен айғақ заттарды алып шығып, қоқысқа лақтырып, терактілерді тексеруге кедергі келтірген деп айыптап отыр. Ол екеуі айыпты мойындамайды.
Суретте солдан оңға: Азамат Тәжаяқов, Диас Қадырбаев және Джохар Царнаев. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).
13
Ресейдің Воронеж қаласында абақтыда отырған украиналық әскери ұшқыш Надежда Савченко өзін бұл елге «босқын кейпінде келген» деп хабарлаған Ресей тергеу комитетінің ақпаратын жоққа шығарып, Ресейге өзін еркінен тыс әкелгенін өзімен кездескен Украина консулына
растаған
. Савченконың айтуынша, оны ұстап алған сепаратистер әуелі Луганскіге, сосын басына қап кигізіп, қолына кісен салып Красный Луч елдімекеніне апарған. Бұдан соң Ресейдің Воронеж облысындағы Богучар қаласына жеткізген. Ресей билігі 33 жастағы тікұшақ штурман-операторы Надежда Савченконы 17 маусым күні шығыс Украинада қаза тапқан Ресейдің екі журналисінің өліміне қатысы бар деп айыптап, бір айдан бері Воронеж қаласында қамауда ұстап отыр.
14
19 шілдеде Газа секторындағы
операциялар
кезінде Израильдің екі сарбазы қаза тапты. Израиль әскері палестиналық ХАМАС тобының Израиль аумағын ракеталармен атқылауын тоқтатуға тырысып жатыр. 8 шілдеден бері Израиль ХАМАС қарулы күштеріне әуеден соққы жасаған еді. Осы уақыт ішінде 300-ден аса палестиналық пен Израильдің үш адамы қаза тапқан. Палестиндіктер қаза тапқандардың көбі қарапайым тұрғындар екенін айтады.
Суретте: Газадағы әуе соққысынан қираған тұрғын үй. 19 шілде 2014 жыл.
Апта бейнелері: 14-19 шілде
Back to top
XS
SM
MD
LG