Ресей "сапасы бақыланбайды" деген уәжбен Украинадан сүт өнімдерінің барлық түрін импорттауға тыйым салды.
Ресей тарапынан жасалған бұл қадам - Украина Еуропа Одағымен (ЕО) еркін сауда келісіміне қол қойғаннан кейінгі екі ел арасының ушығуының тағы бір көрінісі.
Ресейдің азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін тексеру қызметінің (Россельхознадзор) өкілі "бұл тыйым Украина сүт өнімдерінен антибиотик пен бактериялар табылғаннан кейін салынып отыр" дейді.
Импортқа тыйым 28 шілде күні күшіне енеді. Ресей бұған дейін де ЕО-мен жақындасуға ұмтылып отырған елдердің тауарларына тыйым салған еді. Осы айда Ресей Молдовадан ет пен жеміс-жидек импорттауға шектеу қойды. Бұл ел де ЕО-мен сауда келісіміне қол қойғалы отыр.