Accessibility links

АҚШ Ресейдің үш банкіне санкция салды


Ресейдің ВТБ банкінің бас кеңсесі. Мәскеу, 29 шілде 2014 жыл.
Ресейдің ВТБ банкінің бас кеңсесі. Мәскеу, 29 шілде 2014 жыл.

АҚШ қаржы министрлігі Мәскеудің Украинадағы іс-әрекетіне жауап ретінде Ресейдің үш банкі мен кеме жасаушы компаниясына қарсы санкция салды.

Енді АҚШ азаматтары мен компанияларына "Москва банкі", ВТБ банкі және "Россельхозбанкке" 90 күннен артық мерзімге несие беруге тыйым салынады. Бірақ америкалықтар бұл банктермен басқа операцияларды бұрынғыдай жүргізе алады. Сонымен бірге, АҚШ азаматтары мен компанияларына санкцияға ілінген Санкт-Петербургтің Біріккен кеме құрастыру корпорациясымен бизнес жүргізуге тыйым салынды.

Бұған дейін Еуропа Одағы арасында Ресей президенті Владимир Путиннің іскер төрт серігі бар ресейлік тағы сегіз азамат пен үш компанияға қарсы санкциялар енгізген еді. Еуропа Одағы осымен 87 азамат мен 20 компанияға қарсы санкция салып отыр.

XS
SM
MD
LG