Accessibility links

АҚШ Ресей әуе күштерінің жаттығуына алаңдайды


АҚШ мемлекеттік хатшысының баспасөз хатшысы Джен Псаки.
АҚШ мемлекеттік хатшысының баспасөз хатшысы Джен Псаки.

АҚШ Ресейдің Украинамен шекарасына жақын Астрахан облысында әскери-әуе күштерінің ауқымды жаттығуын өткізуіне алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы мәлімдеген АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки осы жаттығуды "арандатушылық сипаты бар және ол тек шиеленісті күшейте түседі" деп сипаттады.

Ақ үй өкілі Вашингтонның Мәскеуді Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешуге бірнеше рет шақырғанын, осыған байланысты Ресейдің сөзі мен әрекеті бір-біріне қайшы келмеуі тиіс екенін айтады. "Ресей Украинаға жөнелтілетін қару-жарақ, жасақтар мен ақша ағынын тоқтатып, бұл елмен шекарасынан қарулы күштерін әкетуі тиіс" деді ол.

Бұған дейін ИТАР-ТАСС агенттігі Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, 4 тамыз күні Астрахан облысындағы Ашулық полигонында әскери-әуе күштері мен зымыраннан қорғаныс күштерінің жаттығуы басталғанын хабарлаған. 8 тамызға дейін жалғасатын жаттығуға Су-27 және МиГ-31 жойғыш ұшақтары, Су-24 бомбалаушылары мен Ми-8, Ми-24 тікұшақтары қатысады.

Ашулық полигоны Ресей-Украина шекарасынан 800 километр қашықтықта орналасқан.

XS
SM
MD
LG