Accessibility links

Кассациялық сот Мешімбаеваның үкімін өзгертпеді


Статистика агенттігінің бұрынғы жетекшісі Анар Мешімбаева сот залында тұр. Астана, 10 ақпан 2014 жыл.
Статистика агенттігінің бұрынғы жетекшісі Анар Мешімбаева сот залында тұр. Астана, 10 ақпан 2014 жыл.

Астана қалалық сотының кассациялық алқасы бүгін статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның үкімін күшінде қалдырды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қалалық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев Астананың Есіл аудандық №2 сотының үкімі мен қалалық соттың апелляциялық алқасының үкімге қатысты шешімін күшінде қалдырған.

14 ақпан күні Астананың Есіл аудандық соты Анар Мешімбаеваны 7 жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарған. Ол 2009 жылы жүргізілген ұлттық халық санағы кезінде "бюджеттің 700 миллион теңгеден көп қаржысын жымқырғаны және қызмет өкілетін асыра пайдаланып, мемлекетке 3 миллион теңгеден астам зиян келтіргені" үшін айыпты деп танылған.

Сәуір айында апелляциялық сот Мешімбаеваның шағымын қанағаттандырмай, үкімді өзгеріссіз қалдырға еді.

XS
SM
MD
LG