Украинамен шекарадағы Ресейдің Ростов облысында "Донецк-Изварино" халықаралық өткізу бекетіне жақын маңда Ресейден Украинаның шығысындағы тұрғындарға арналған "гуманитарлық жүкті" кедендік-шекаралық тексеруден өткізу және рәсімдеу процесі жалғасып жатыр. Бұл жүкті осы жерден ары қарай Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің өкілдері Украинаның Донецк және Луганск облыстарын жеткізеді деп жоспарланған.