Израиль зымыранмен атқылаудың қайта жалғасуына жауап ретінде Газа секторына әуеден бірнеше соққы берді. Құрбан болғандар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.
Израиль әскерилері таратқан мәлімдемеде ХАМАС қозғалысы "бітімді бұзғаны" айтылып, Тель-Авивтің "қайта жалғасатын агрессияны тойтаруға толықтай дайын екені" ескертілген. Газа секторынан атылған зымырандар "шөлді жерге түсіп", ешқандай зардап келтірмегені айтылған.
Израиль аумағын зымыранмен атқылауды тоқтату үшін Тель-Авив Газа секторында 8 шілде күні әскери операциялар бастаған. 18 тамыз күні Израиль мен Палестина делегациясы Каирде өткен бейбіт келіссөздерде қақтығысты бір тәулікке тоқтата тұруға келіскен болатын.