Accessibility links

Оппозициялық басылым сотына журналистерді кіргізбеді


"Правдивая газета" ісі бойынша Жоғарғы сот тыңдауына кіре алмай тұрған Еуропа Одағы бақылаушысы мен журналистер. Астана, 21 тамыз 2014 жыл.
"Правдивая газета" ісі бойынша Жоғарғы сот тыңдауына кіре алмай тұрған Еуропа Одағы бақылаушысы мен журналистер. Астана, 21 тамыз 2014 жыл.

Бүгін Астанада оппозициялық «Правдивая газетаны» жабу туралы сот шешіміне берілген шағым бойынша Жоғарғы сотта өтетін отырысқа Еуропа Одағы (ЕО) бақылаушысы мен журналистерді кіргізбеді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Алматы қаласы сотының «Правдивая газетаны» жабу туралы шешіміне берген шағымы қаралып жатқан сотқа журналистерді кіргізбегенін аталған басылым редакторы Розлана Таукина да растады.

Бостандық аудандық соты 24 ақпан күні аудан прокурорының «Правдивая газетаның» былтыр үш рет әкімшілік санкцияға ұшырағанын негіз етіп, басылымды жабуды сұраған талабын қанағаттандырған еді.

Ал 18 сәуір күні Алматы қаласының апелляциялық соты оппозициялық газетті жабу туралы бұған дейін шыққан сот шешімін күшінде қалдырған болатын.

XS
SM
MD
LG