Палестиналық ХАМАС ұйымы Израильдің Газа секторына таң ата жасаған шабуылынан үш әскери командирінің қаза тапқанын хабарлады.
Командирлер Мұхаммед Абу Шаммала, Раед әл-Аттар және Мұхаммед Бархум Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы үйді бомбалау кезінде мерт болған. Шабуылдан командирлерден өзге бес палестиналық құрбан болған.
20 тамыз күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қақтығыстардың қайта жалғасқанына алаңдаушылық білдіріп, тараптарды қырғынды тоқтату үшін келіссөздерді қайта бастауға шақырған.
Газа секторында қақтығыстар 19 тамызда, Израиль мен ХАМАС арасындағы 10 күнге созылған уақытша бітім аяқтала сала қайта басталған.