Accessibility links

Киевтегі әскери парад

Киевте Украина тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған әскери парад өтті. Оған 25 мыңнан аса әскери қызметшілер мен курсанттар, ондаған әскери техника қатысты. Украина президенті Петр Порошенко құттықтау сөзінде жақын болашақта үкімет армияны қайта жарақтандыруға қырық миллиард гривеннен (үш миллиард долларға жуық) аса қаржы жұмсайтын болады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, украиналықтарға «үнемі төніп тұрған әскери қауіп-қатер астында өмір сүруді үйренуге» тура келеді. Парадқа қатысқан әскери қызметшілер мен техниканың бір бөлігі шара бітісімен елдің шығысында террорға қарсы операциялар жүріп жатқан аймаққа аттанды. Киев, 24 тамыз 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG