Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында 17 жастағы қазақстандық балуан Мұхамбет Қуатбек еркін күрестен чемпион атанды.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ол топтық кезеңде Амирхан Гуважоковты (Ресей), Вагиняк Магевосянды (Армения), Врам Ричардсты (Австралия), Элизер Ауларды (Венесуэла) жеңді. Ал финалда Датон Фикстен (АҚШ) басым түсті.
Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасы ертең, 28 тамызда аяқталады.