Accessibility links

Ресей Абхазиямен жаңа келісім жасаспақ


Абхазияның жаңа президенті Рауль Хаджимба.
Абхазияның жаңа президенті Рауль Хаджимба.

Ресей билігінің хабарлауынша, Мәскеу Грузияның өзін-өзі "тәуелсіз" деп жариялаған Абхазия аймағымен биылғы жылдың соңына дейін достық және ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қоюға ниетті. Бұл жайында президент Владимир Путин мен Абхазияның жаңадан сайланған президенті Рауль Хаджимбаның келіссөздерінен соң Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Путиннің айтуынша, Ресей мен Абхазия көптеген сала бойынша, соның ішінде қорғаныс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономика және денсаулық сақтау салаларында ынтымақтастықты тереңдетуге әзірленіп жатыр. Хаджимбаның мәлімдеуінше, Абхазия «диалогты жалғастыруға дайын».

Рауль Хаджимба 24 тамызда өткен сайлау нәтижесінде Абхазия президенті болып сайланған.

Абхазия өзін 2008 жылғы тамыз айынан, Ресей Оңтүстік Осетия мен осы аймақтың егемендігін танығаннан кейін өзін Грузиядан іс жүзінде тәуелсіз санайды. Тбилиси Абхазияның «тәуелсіздігін» мойындамайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы қабылдаған қарарларда Абхазия Грузияның құрамдас бөлігі ретінде аталған.

XS
SM
MD
LG