Accessibility links

ҚАЖК: 160-тай тұтқын түрмеде өлген


Қаазақстандағы түрмелердің біріндегі қарауыл тұратын мұнара. (Көрнекі сурет).
Қаазақстандағы түрмелердің біріндегі қарауыл тұратын мұнара. (Көрнекі сурет).

Қазақстан түрмелерінде биыл 160-қа жуық тұтқын қайтыс болды деп хабарлады ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Теңізжан Жәнібеков.

Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген Жәнібеков журналистердің осы жылы түрмелерде қанша сотталушы қайтыс болғаны туралы сұрақтарына "Биыл түрлі аурулармен 160-қа жуық тұтқын көз жұмды. Соңғы үш-төрт жылда түрмелерде өлім көрсеткіші төмендеп келеді" деген.

ҚАЖК басшысы бұған қоса Қазақстан түрмелерінде 300-ге таяу адамның діни экстремизм айыбымен жазасын өтеп жатқанын да айтады.

Жәнібековтің сөзінше, 2010 жылы Ақтауда тұтқындар жаппай түрмеден қашқан оқиғадан соң Қазақстанда ондай оқиға қайталанбаған. "Әрине, қоныстану колонияларында жазасын өтеуден жалтару оқиғалары болды. Өткен жылы аталған колонияларда 25 тұтқын жазасын өтеуден жалтармақ болған. Бұл фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалған" деді ҚАЖК бастығы.

XS
SM
MD
LG