Accessibility links

Метроның жаңа станцияларын ашу келесі жылға қалды


Алматы метросы. (Көрнекі сурет).
Алматы метросы. (Көрнекі сурет).

"Алматыметроқұрылыс" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz агенттігі "Алматы метросындағы 2014 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланған екі станцияның іске қосылуы 2015 жылдың басына шегерілді" деп хабарлайды.

Компания "станциялардың пайдалануға берілу мерзімінің кейінге шегерілуіне метро салынатын жердегі үйлерді сүрудің ұзаққа созылып кетуі себеп болды" дейді. Сүрілетін үйлердің иелері баспаналарын мемлекет ұсынған бағаға сатуға қарсы болған.

Бұған дейін қала әкімі Ахметжан Есімов Алматы метросындағы жаңа "Сайран" және "Мәскеу" станциялары 2014 жылдың бірінші желтоқсанында ашылады деп мәлімдеген еді.

Алматы метросының алғашқы жеті станциясы 2012 жылы 1 желтоқсан күні іске қосылған. Метро құрылысы 1988 жылдың қыркүйегінде басталғанымен, бірнеше рет тоқтап қалған еді.

XS
SM
MD
LG