Accessibility links

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция дайындады


АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мэри Харф.
АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мэри Харф.

АҚШ Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты Ресейдің қорғаныс, энергетика және қаржы салаларына қатысты салатын жаңа санкциялар пакетін даярлады. Бұл жайында хабарлаған мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Мэри Харфтың айтуынша, санкцияны нақты енгізу мәселесі алдағы бірнеше күнде Украинаның шығысындағы жағдайға байланысты шешілмек.

8 қыркүйекте Еуропа Одағы Ресейге қарсы жаңа санкциялар салу мақұлданғанын хабарлаған. Бірақ Еуропа кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей ол санкциялардың салынуы Украинаның шығысында жарияланған бітім режимінің орындалуына байланысты деп мәлімдеген.

5 қыркүйекте Минскіде өткен Украина, Ресей, ЕҚЫҰ және ресейшіл сепаратистер өкілдерінің кездесуінде қақтығысты тоқтату туралы бітім жасалған еді.

Мәскеу Киев пен батыс елдерінің "Ресей Украинаның оңтүстік-шығысындағы сепаратистерді қолдайды және осы аймақтарға әскер кіргізді" деген айыптауларын жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG