Accessibility links

АҚШ 11 қыркүйектегі теракт құрбандарын еске алады


Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттарына жасалған теракт. Нью-Йорк, 11 қыркүйек 2001 жыл.
Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттарына жасалған теракт. Нью-Йорк, 11 қыркүйек 2001 жыл.

АҚШ-та бүгін осыдан тура 13 жыл бұрын болған террорлық актілер құрбандарын еске алады. 2001 жылы 11 қыркүйекте жанкештілер төрт ұшақты басып алып, екеуін Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараттарына, үшіншісін Вирджиния штатындағы қорғаныс министрлігінің кеңсесі – Пентагонға бағыттап апарып жарған. Төртінші ұшақ Пенсильвания штатында құлады.

Терактіден қаза тапқан үш мыңға тарта адамды еске алу үшін АҚШ-та 11 қыркүйекте «Патриоттар күні» аталып өтеді. Еске алу күнінде барлық мемлекеттік органдардағы тулар төмен түсіріледі.

АҚШ президенті Барак Обама барлық штаттардың губернаторларын теракті құрбандарын еске алу шараларына қатысуға шақырды. Бүгін жергілікті уақыт бойынша 8 сағат 46 минутта бір минут үнсіздік орнайды.

«АҚШ 13 жыл бұрын қыркүйекте болған апатты ешқашан ұмытпайды» делінген Ақ үйдің Барак Обаманың атынан таратқан мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG