Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Ресейде көптеген азаматтардың ата-ана құқығынан мәжбүрлі түрде айырылғанын, сөйтіп балалардың әке-шешесінен күшпен ажыратылғанын айтады. Ұйым дерегі бойынша, Ресейдегі мүмкіндігі шектеулі балалардың 30 пайызға жуығы мемлекеттік балалар үйінде тұрады. Балаларға онда немкетті қарайды, кейде күш те көрсетеді.