Accessibility links

Қырымда Меджлис ғимаратына қарулы адамдар келді


Қырым татарлары Меджлисі ғимараты жанында тұрған қарулы адамдар. Симферополь, 16 қыркүйек 2014 жыл.
Қырым татарлары Меджлисі ғимараты жанында тұрған қарулы адамдар. Симферополь, 16 қыркүйек 2014 жыл.

Бүгін Симферопольде Қырым татарлары Меджлисінің ғимаратын қарулы адамдар қоршауға алды.

Азаттықтың Қырым редакциясы тілшісінің хабарлауынша, ғимарат жанында бетін маскамен жасырған, автоматпен қаруланған әскери киімдегі алты адам мен оншақты полиция қызметкерлері тұр. Ғимаратқа полицияның қамаудағы адамдарды таситын жабық көлігі келген. Әскери киімдегі адамдар журналистердің сұрақтарына жауап бермеген.

Азаттықтың Қырым редакциясының ақпараты бойынша, ғимараттың ішінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кеңсенің ішіне ешкімді кіргізбейді және сыртқа да шығармай тұр. Меджлис ғимаратында орналасқан «Авдет» қырым татарлары газетінің редакциясын тінтіп жатыр.

15 қыркүйекте Қырым татарлары Меджлисінің ғимаратына бет-жүзін маскамен жасырып алған үш адам келген. Екеуі ,имаратқа кіретін есік алдында қалған, олардың бірінің қолында тапанша болған. Үшінші адам газ құбыры арқылы ғимараттың төбесіне жылдам көтеріліп, онда тігілген Украина туын жұлып тастаған.

XS
SM
MD
LG