Accessibility links

Сапарбаев: АЭС жайлы шешім 30 қыркүйекте қабылданады


Курчатовта атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі түпкілікті шешім 30 қыркүйекте Атырауда өтетін Қазақстан мен Ресейдің 11 аймақаралық ынтымақтастық форумында қабылданады деп хабарлады бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Астанада орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген Бердібек Сапарбаев "АЭС құрылысы туралы ақтық шешім 30 қыркүйекте Атырауда Ресей мен Қазақстан президенттері қатысатын форумда қабылданады. Ал дайындық жұмыстарына қатысты айтарым мынадай: біз үш жер учаскесін бөліп, сумен қамтамасыз ету, қауіпсіздік және басқа да мәселелерге қатысты тиісті ақпараттарды бердік" деді Сапарбаев.

Мамыр айының соңында "Қазатомпром" мен "Росатом" компаниялары Қазақстандағы Курчатов қаласында бірлесіп АЭС салу туралы келісімге қол қойған еді. Келісім бойынша, Қазақстанда қуаты 300-ден 1200 мегаваттқа дейін жететін АЭС салу жоспарланған. Бірақ кейбір қазақстандық және шетелдік экологтар мұндай мұқтаждық жоқ екенін айтады.

XS
SM
MD
LG