Accessibility links

АҚШ пен Ауғанстан қауіпсіздік жайлы келісімге қол қойды


Ауғанстан мен АҚШ өкілдерінің қауіпсіздік туралы келісімге қол қою сәті. Кабул, 30 қыркүйек 2014 жыл.
Ауғанстан мен АҚШ өкілдерінің қауіпсіздік туралы келісімге қол қою сәті. Кабул, 30 қыркүйек 2014 жыл.

АҚШ пен Ауғанстан бірнеше рет кейінге қалдырылған қауіпсіздік туралы келісімге қол қойды. Құжатқа Ауғанстан президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Ханиф Атмар мен АҚШ-тың Кабулдағы елшісі Джеймс Каннингем жаңа президент Ашраф Ғаниды ұлықтау рәсімінен бір күннен кейін қол қойды. Бұған дейінгі президент Хамид Карзай келісімге қол қоюды кейінге қалдырып келген еді.

АҚШ президенті Барак Обама келісімге қол қойылған күнді екі ел үшін де тарихи күн деп атады. Екіжақты келісім биыл 31 желтоқсанда Ауғанстанда халықаралық коалиция миссиясы аяқталған соң осы елде 10 мыңға тарта америкалық әскерилердің қалуына мүмкіндік береді.

Бұған қоса Кабул осы аптада НАТО-мен де осыған ұқсас келісімге қол қояды деген болжам бар. Келісім жасалса, негізінен Ұлыбритания, Германия, Италия және Түркияның төрт-бес мың сарбазынан құралған контингент Ауғанстанда әскери емес міндеттерді атқару үшін қала бермек.

XS
SM
MD
LG