Accessibility links

Баспанасыздар құқығын қорғаушылар өзара соттасып жатыр


Есенбек Өктешбаев, азаматтық белсенді. Алматы, 2 қазан 2014 жыл
Есенбек Өктешбаев, азаматтық белсенді. Алматы, 2 қазан 2014 жыл

Алматыдағы Алмалы аудандық сотында азаматтық белсенді Есенбек Өктешбаевтың "жала жабу" туралы берген арызы бойынша Сұлубике Жақсылықованың үстінен қозғалған іс бойынша сот басталды. Екі белсенді баспанасыз адамдардың құқығын қорғаумен айналысатын «Обеспечьте народ жильем» және «Оставим народу жилье» үкіметтік емес ұйымдарын басқарады.

Өктешбаев «Оставим народу жилье» ұйымын басқарып жүрген кезінде Жақсылықова оған "дұрыс жұмыс істемейді", "адамдарды заңға қарсы әрекетке айдап салады" деп жала жапқан деп санайды. Бұл "жаланың" кесірінен істі бола жаздадым деп ойлайтын Өктешбаев Мәскеуде бой тасалауға мәжбүр болғанын айтады.

Сот отырысы кезінде Жақсылықова Өктешбаевтың өзіне қарсы жала жабу бойынша арыз түсірді. Судья Марал Жарылғасова ол арызды дұрыс рәсімдеп, 13 қазан күні өтетін келесі сот отырысына дайындап әкелуді сұрады.

Есенбеков пен Жақсылықова үлескерлер мен несиеге үй алушы борышкерлердің құқығын қорғаушы ретінде танылған. «Оставим народу жилье» ҮЕҰ-ны басқарған кезінде Өктешбаев оппозициялық сарындағы қарсылық акцияларын ұйымдастырған. Бірақ жетекшілері арасында туған араздықтан соң биылғы шілдеде сот шешімі бойынша «Оставим народу жилье» ұйымы Сұлубике Жақсылықованың иелігіне өткен.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG