Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы Гонконгте азаматтық белсенділердің жаппай қарсылық акциясы жалғасып жатыр. Олар жергілікті билікті еркін түрде сайлауды талап етеді. БАҚ бұл шеруге "қолшатыр қарсылығы" деген ат қойып үлгерді. Қытайда 1989 жылғы студенттер наразылығынан кейін мұндай бұқаралық қарсылық акциясы болмаған еді. Ұйымдастырушылар шерулерді Occupy Central – Occupy Central with Love and Peace деп атайды. Бұл наразылық акциясының бейбіт сипатын білдіреді.