Accessibility links

Ереванда наразылық шеруі өтті


Еревандағы шеру. 10 қазан 2014 жыл.
Еревандағы шеру. 10 қазан 2014 жыл.

10 қазан күні Армения астанасы Ереван көшелеріне мыңдаған адам наразылық акциясына шықты. Демонстранттар президент Серж Саркисян үкіметінің биліктен кетуін талап еткен.

Ақпараттарға қарағанда, наразылар үкіметті "экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмады, жемқорлыққа батты" деп айыптайды.

Бұдан өзге, шерушілер Саркисянның елді Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) қосқанына қарсы. 10 қазан күні Беларусь астанасы Минск қаласында Саркисян Арменияның ЕАЭО-ға қосылғаны туралы құжатқа қол қойған еді.

Ақпараттар бойынша, шеруге шыққан адамдар конституцияға Саркисянның билігін күшейтетін өзгерістер енгізгенге де қарсы сөйлеген.

Саркисянның екінші президенттік мерзімі 2018 жылы аяқталады. Наразылар ол премьер-министр өкілеттіліктерін кеңейтіп, президенттік мерзімі біткеннен кейін елді премьер ретінде басқара береді деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG