Жыл сайынғы "Дала қыраны" халықаралық бітімгерлік жаттығуы келесі 2015 жылы қайтадан Қазақстанда өтетін болды деп хабарлады бүгін қорғаныс министрлігі.
Биылғы бітімгерлік "Дала қыраны-2013" жаттығуы алғаш рет Қазақстаннан тыс аумақта - Германиядағы АҚШ қарулы күштерін даярлайтын орталықта өткізілген еді.
Жаттығуға "Қазбат" бітімгерлік батальонының 150-ге жуық әскери сарбазы, Тәжікстан, Қырғызстан, АҚШ, Германия және Ұлыбританиядан әскерилер қатысқан.
Бұған дейін "Дала қыраны" жаттығуы 2003 жылдан бері Қазақстанда өткізіліп келген.