Accessibility links

АҚШ Эболаға қарсы ұлттық гвардиясын жұмылдырмақ


АҚШ армиясының сарбаздары Батыс Африкада Эбола індетімен күресу үшін жаттығудан өтіп жатыр. Кентукки штаты, 9 қазан 2014 жыл.
АҚШ армиясының сарбаздары Батыс Африкада Эбола індетімен күресу үшін жаттығудан өтіп жатыр. Кентукки штаты, 9 қазан 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Пентагонға "Батыс Африкадан таралған қауіпті Эбола вирусымен күреске қажет болған жағдайда әскер резервіндегі азаматтарды шақыртуға және ұлттық гвардияны жұмылдыруға" жарлық берді.

АҚШ бұған дейін індет таралған Батыс Африка елдерінде медициналық блоктарды тұрғызып, логистикалық тапсырмаларды орындау үшін төрт мың сарбаз жіберетінін, бірақ олардың науқастарға тікелей көмек көрсетпейтінін мәлімдеген.

Батыс Африканың Либерия, Сьерра-Леоне және Гвинея елдерінде Эбола індетінен 4 мың 500-ге жуық адам көз жұмды. Бұл ауруға шалдыққан адамның өліп кету қаупі жоғары.

АҚШ-та өткен аптада Либериядан ауырып қайтқан науқастан америкалық екі дәрігердің Эбола вирусын жұқтырғаны анықталған еді.

XS
SM
MD
LG