Бүгін Алматыда түстен кейін азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты жұмыс кеңсесінде отырған жерінен полиция әкімшілік сотқа алып кетті.
Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Нарымбаев өзін бірнеше полицей шақырту қағазынсыз, күштеп әкімшілік сотқа әкеткенін, хабарлады. Нарымбаевтың айтуынша, әкімшілік сот оны мамыр айында қаладағы үйлердің бірінің ауласында заңсыз жиын өткізді деген айыппен сотқа тартпақ.