Алматыда қазанның 20-сы күні халықаралық медициналық саммит (Global medical and Health Tourism Mart) басталды. Оған әлемнің ондаған елінен шамамен 150 шақты емхана өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Емханаларын жіберген елдер арасында Израиль, Германия, Венгрия, Словения, Оңтүстік Корея, Қытай бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, үшінші рет өтіп жатқан медициналық туризмнің мақсаты – әлемдік емдеу орындарымен қарым-қатынасты нығайту.
Бұл шараға медициналық мекемелер мен туристік компаниялардан бөлек, қарапайым азаматтар да келіп, емдеу бойынша тегін кеңес ала алады.
Шара Алматыдағы Rixos қонақ үйінде өтіп жатыр.