Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қорғаныс министрі етіп тағайындады. Бұл туралы ақпарат бүгін Ақорданың Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
Иманғали Тасмағамбетов 2008 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Астана қаласының әкімі, ал 2004-2008 жылдары Алматы қаласының әкімі болып істеген.