Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында жергілікті өзбек мәдениеті орталығының ұйымдастыруымен «Достық дастарханы» атты палау фестивалі өтті деп хабарлады Азаттық тілшісі.
Қаланың шет жағындағы жеке меншік тойханада ұйымдастырылған палау фестиваліне Өзбекстан және Оңтүстік Қазақстан облысынан барлығы 25 аспаз қатысты. Олар таңғы сағат тоғыздан бастап қазан көтеріп, палау пісіруді бастады.
«Аспаздар өздері дайындаған палауға әртүрлі атаумен, мысалы, «Би», «Құда», «Достық», «Президент», «Ассамблея» деп атаған» дейді Оңтүстік Қазақстан облысы өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжанов.
Фестивальде ең дәмді палау әзірлеген үздіктермен бірге ең жас, ең егде, өте шебер және көрермендер көңілінен шыққан аспаздар анықталды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге сыйлыққа тұрмыстық техникалар табыс етілді.