Accessibility links

Ұлыбритания әскері Ауғанстаннан кетті


Кэмп-Бастион базасындағы британ әскерилері. Гильменд аймағы, Ауғанстан, 2 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Кэмп-Бастион базасындағы британ әскерилері. Гильменд аймағы, Ауғанстан, 2 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауғанстандағы британ сарбаздары 27 қазанда тікұшақтармен және әскери ұшақтармен ол елден шығып кеткені туралы Ұлыбритания қорғаныс министрлігі бүгін хабарлады.

Британ сарбаздары Гильменд провинциясындағы Кэмп Бастион лагерін ауған қауіпсіздік күштеріне тапсырған соң бір күннен кейін Ауғанстаннан түгелдей шығарылған.

Ауғанстанда 2001 жылы терроризмге қарсы операциялар басталғанда Ұлыбритания бұл елге сарбаздарын әкеле бастаған. Кейін Ауғанстандағы британ әскерінің саны 10 мыңға дейін жеткен. Олардың көпшілігі Талибан ұйымы мықтап бекінген Гильменд уәлаятына шоғырландырылған еді.

2001 жылдан бері мұнда 450-ден аса британ әскери қызметкерлері қаза тапқан.

Ұлыбритания қорғаныс министрі Майкл Фаллон 27 қазанда британ күштері Ауғанстаннан «еңсесін тік ұстаған күйі кетіп барады» деп мәлімдеген.

Бірақ кейбір сарапшылар британ әскерилері «стратегиялық болжау мен көрегендіктің кемшілігінен миссиясын аяқтамай кетіп барады» дейді.

Сарапшылар Ауғанстандағы басты мәселелердің бірі – елдегі көкнәр көлемінің көбейгеніне алаңдаушылық білдіреді. Есірткі жасайтын шикізат ретінде пайдаланылатын көкнәр Талибанның басты қаржы көздерінің бірі саналады.

XS
SM
MD
LG