Accessibility links

Румыния жаңа президентін сайлап жатыр


Румыния президенті сайлауына қатысушы кандидаттардың үгіт материалдары. (Көрнекі сурет)
Румыния президенті сайлауына қатысушы кандидаттардың үгіт материалдары. (Көрнекі сурет)

Румыния азаматтары бүгін елдің жаңа президентін сайлау үшін дауыс беріп жатыр. Бұл орынға негізгі үміткер ретінде елдің қазіргі премьер-министрі, социал-демократтар партиясының өкілі Виктор Понта мен Ұлттық-либералдық партия жетекшісі Клаус Йоханнес аталып отыр.

Егер бірінші турда жеңімпаз анықталмайтын болса, сайлаудың екінші туры 16 қараша күні өтеді.

Румыния президенті болып қатарынан екі мерзімге сайланған Траян Басеску заң бойынша үшінші мерзімге сайлана алмайды.

Жиырма миллион тұрынғы бар Румыния билігіне келген жаңа президенттен шешімін күтіп тұрған негізгі проблемалар қатарында экономикадағы рецессия мен қоғамға тамыр жайып алған коррупция мәселелері бар. Бұған дейін қоғамда үкімет атына елді тиімді басқара алмай отырғаны туралы сындар айтылып келген еді.

Коммунистік режим тұсында Румынияны ұзақ жылдар бойы басқарған Николае Чаушеску мен әйелі Еленаның билігінің құлағанына биыл желтоқсанда 25 жыл толады.

XS
SM
MD
LG