50 мыңдай тұрғыны бар Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы апта бойы, кейде одан да ұзақ жарықсыз, сусыз қалады. Мұндағы жұрттың көбі - қала жағалап келген және қала ішінен пәтер жалдауды қалтасы көтермейтін адамдар. Саяжайға газ, су, жарық, асфальт сияқты әлеуметтік инфрақұрылым толық тартылмаған. Жергілікті билік мұндай инфрақұрылым тартуға биыл ғана кіріскен. Фотогалерея авторы - Дилара Иса. Шымкент. 4 қараша, 2014 жыл.