Accessibility links

Грузия сыртқы істер министрі отставкаға кетті


Грузияның отставкаға кеткен сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе.
Грузияның отставкаға кеткен сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе.

Грузия сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе бүгін қызметінен кететінін және басқарушы «Грузия арманы» коалициясы мен Демократиялық Грузия партиясы қатарынан шығатынын мәлімдеді. Партияны бұрынғы премьер-министр, миллиардер Бидзина Иванишвили құрып, қазір премьер-министр Ираклий Гарибашвили басқарады.

Кеше қорғаныс министрі Ираклий Аласания қызметінен босатылған еді. Грузияда әскери шенеуніктердің үстінен жүріп жатқан тергеуді «Грузияның еуро-атлантикалық бағытты таңдауына жасалған шабуыл» деген сөзінен кейін Аласанияны Гарибашвили қызметтен алған. Бұдан кейін еуропалық және еуро-атлантикалық интеграциялар жөніндегі мемлекеттік министр Алекси Петриашвили де отставкаға кеткен.

Бүгін Панджикидземен бірге оның төрт орынбасары – Давит Залкалиани, Тамар Беручашвили, Давит Джалагания мен Владимир Гургенидзе де отставкаға кетті.

XS
SM
MD
LG