Accessibility links

Назарбаев "Нұрлы жол" саясатын жариялады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 10 қараша 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 10 қараша 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қазақстандықтарға арналған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында Қазақстанның "Нұрлы жол" деп аталатын жаңа экономикалық саясатын жариялады.

Қазақстан президенті жолдауында халықты баспанамен қамтамасыз етудің шарттары жеңілдетілетінін хабарлады. Оның айтуынша, енді баспана несиесі бұрынғыдан аз пайызбен (1-2 пайыз) беріледі, бастапқы жарна төлеу талабы жойылады. "Сондықтан арендалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды 2015-2016 жылдары 180 миллиард теңгеге көбейтеміз" деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президентінің халыққа жолдау жасайтыны бүгін Астанада "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында хабарланған. Назарбаевтың бұған дейінгі жылдардағы жолдауы жылдың басында, бірнеше күн бұрын хабарланып барып жасалатын.

XS
SM
MD
LG