Accessibility links

Алматыда электр көлігіне қуат беретін станция ашылды


Электр көлігіне қуат беретін станция ашылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:12 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: Электр күшімен жүретін автокөлікке қуат беретін алғашқы станция ашылды. Алматы, 12 қараша 2014 жыл.

Бүгін Алматыда электромобильдерге қуат беруге арналған алғашқы станция ашылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Станцияны қаладағы Достық даңғылы мен Митин көшесінің қиылысындағы мейрамхана жанынан жеке кәсіпкер ашқан. Станцияны таныстырған қазақстандық электробомильдер құрастыру ісімен айналысушы Таир Балбаев мұнда әзірге бір мезетте бір ғана көлікке электр қуатын беруге болатынын айтты. Бір көлікті толық қуаттандыруға екі сағат уақыт кетеді.

Алматы қалалық әкімдігі жолаушылар транспорты басқармасының бөлім жетекшісі Әсет Төлеушов қазір Қазақстанда барлығы жиырмаға жуық электромобиль ғана барын, олардың көпшілігі Алматы мен Астана қаласында жүргенін айтады.

XS
SM
MD
LG