Accessibility links

Алматыда жер сілкінуіне қатысты штаб құрылды


Алматы қаласының жоғарыдан көрінісі. (Көрнекі сурет).
Алматы қаласының жоғарыдан көрінісі. (Көрнекі сурет).

Алматыда бүгін жер сілкінуіне байланысты штаб құрылды деп хабарланды төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми сайтында.

Мәлімет бойынша Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті әкімдікпен бірлесіп сейсмикалық белсенді аймақтардағы нысандар мен ғимараттарға тексеру жүргізіліп жатыр.

Бүгін Алматыда жергілікті уақытпен таңертеңгі 7 сағат 25 минут шамасында жер сілкінген. Тұрғындардың айтуына қарағанда, үйдегі электр шамдарының люстралары тербелген.

«Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 130 километр қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Алматыдағы жер сілкінісінің күші МSК-64 шкаласы бойынша 3-4 балл болған деп хабарланды.

Комитет Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ дейді. Зардап шеккендер мен зиян келгені туралы хабар түспеген.

XS
SM
MD
LG