Алматыда бүгін БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған медиа құрылтай басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Биылғы құрылтайда медиа саласындағы әлемдік өзгерістер, Қазақстанның ақпараттық саясатына басқа елдердің ықпалы және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланбақ.
Құрылтайға журналистер, БАҚ саласының өкілдері, саясаттанушылар, барлығы 250-ге тарта адам қатысады деп жоспарланған.