Шымкент халықаралық әуежайында Эбола вирусы анықталған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керегі туралы оқу-жаттығу шарасы өтті.
Шараны Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау және төтенше жағдайлар департаменттері ұйымдастырған.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Нұрлан Темірбаевтың Азаттыққа айтуынша, оқу-жаттығуға жүзге жуық маман қатысқан.