Accessibility links

Тәжікстанның 300 азаматы Сирияда соғысып жүр


Сирияда соғысып жүрген тәжікстандықтар. 20 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Сирияда соғысып жүрген тәжікстандықтар. 20 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

21 қарашада Тәжікстан парламентінің отырысында мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Акрам Амонов Сириядағы соғысқа 300 тәжік азаматы қатысып жүр деп мәлімдеді. Оның айтуынша, тәжікстандықтар Сирияға Ресей не Ауғанстан арқылы өтеді.

Бұған дейін тәжік билігі Сирия аумағында 200 азаматы жүргенін айтқан еді. Азаттықтың Тәжік қызметінің дерегінше, Сирия президенті Башар Асад үкіметіне қарсы соғыс кезінде Тәжікстанның 50 азаматы қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG