Accessibility links

Чили президентінің әкесін азаптағандар сотталды


Чили президенті Мишель Бачелет.
Чили президенті Мишель Бачелет.

Чили соты бұрынғы диктатор Аугусто Пиночеттің режимі кезінде елдің қазіргі президенті Мишель Бачелеттің әкесін азаптауға қатысы болған деген айыппен отставкадағы екі офицерді бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Отставкадағы полковниктер Эдгар Севальос Джонес екі жылға, Рамон Касерес Хоркера – үш жылға сотталды.

Чилидің заңды сайланған президенті социалист Сальвадор Альендені қолдаған әскери-әуе күштері генералы Альберто Бачелет 1973 жылы қыркүйекте Чилиде әскери төңкеріс жасап билікке келген Пиночет режимінің алғашқы құрбандарының біріне айналған еді. Отанға опасыздық жасаған деген айыппен қамауға алынған генерал түрмеде жасалған азаптауды көтере алмай қапаста қаза болған.

Сол жылдары әкесі сияқты түрме қорлығын өз басынан өткерген генералдың қызы Мишель Бачелет кейін анасымен бірге шетелге кетуге мәжбүр болған. 2006 жылы Чили тарихында тұңғыш рет президент қызметіне сайланған әйел – Мишель Бачелет бұл қызметті 2010 жылға дейін атқарды. Ал 2014 жылы ол Чили президенті болып қайта сайланды.

XS
SM
MD
LG