Accessibility links

Иран мен алты ел келіссөзді ұзартты


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вена, 24 қараша 2014 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вена, 24 қараша 2014 жыл.

Иран мен әлемдік алты держава қарашаның 24-іне дейін түпкілікті келісімге келе алмай, ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздердің мерзімін ұзартуға келісті.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің айтуынша, Венадағы келіссөздерде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселе бойынша бұл елдер "нақты және әжептәуір ілгерілеушілікке" қол жеткізген. Иран президенті Хассан Роухани келіссөздер позициялардың жақындауына септескенін мәлімдеді.

Дипломаттардың айтуынша, алты күн бойы өткен жоғары деңгейлі келіссөздерде қол жеткен уағдаластық бойынша, түпкілікті келісім келер жылғы наурыздың 1-іне дейін жасалып, оның соңғы түйткілдері шілденің 1-іне дейін шешілуі тиіс.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасасу мерзімі осымен екінші рет ұзартылып отыр.

XS
SM
MD
LG