Accessibility links

Ресей мен Абхазия ынтымақтастық туралы келісім жасасты


Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Абхазия президенті Рауль Хаджимба келісімге қол қойғаннан кейін баспасөз жиынын өткізіп отыр. Сочи, 24 қараша 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Абхазия президенті Рауль Хаджимба келісімге қол қойғаннан кейін баспасөз жиынын өткізіп отыр. Сочи, 24 қараша 2014 жыл.

Ресей мен Грузиядан бөлінген жікшіл Абхазия аймағы "Одақтастық қарым-қатынас және стратегиялық әріптестік" туралы келісімге қол қойды. Ресми Тбилиси бұл құжатты Мәскеудің "Абхазияны аннексиялау әрекеті" деп қабылдады.

Ресей президенті Владимир Путин мен Абхазия басшысы Рауль Хаджимба келісімге қарашаның 24-інде Сочиде қол қойды. Құжатта Абхазияға шабуыл жасау Ресейге шабуылдаумен бірдей, ал Ресейге шабуылдау Абхазияға шабуылдаумен бірдей деп қарастырылатыны айтылған.

Құжатта бұған қоса бір жыл ішінде Ресей-Абхазия біріккен қарулы күштерін құру қарастырылған. Келісім бойынша Ресей абхаз армиясын қаржыландыру мен модернизациялау міндетін өзіне алып, әлем елдеріне Абхазияның тәуелсіздігін таныту кампаниясын жүргізеді.

Ресей Абхазияның бұл келісімін батыс елдері сынға алды. АҚШ мемлекеттік департаменті бұл келісімді мойындамайтынын мәлімдеді. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, келісім келісім Грузиядағы жағдайды бейбіт реттеуге ықпал етпейді.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини келісім "Грузияның егемендігі мен территориялық тұтастығына нұқсан келтіретінін" айтты.

XS
SM
MD
LG