Accessibility links

Апелляциялық сот Өміраевтің үкімін өзгертпеді


Бұрынғы ауылшаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраев.
Бұрынғы ауылшаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраев.

Астана қалалық соты бұрынғы ауылшаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевтың өзіне шығарылған үкімге берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастады.

Мүсілім Өміраев қазанның 6-сында "пара алды" деген айыппен 10 жылға сотталған. Сот оны "жеке кәсіпкерден мемлекеттік тендерді жеңіп алуына көмектесу үшін аса ірі көлемде пара алды" деп айыптап, дүние-мүлкін тәркілеуге де үкім еткен.

Өміраев 2013 жылдың желтоқсан айындf ұсталған. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Өміраев ұсталған соң егер орынбасарының кінәлі екені сотта дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеген.

Қазір Мамытбеков бұрынғыдай ауылшаруашылығы министрлігін басқарып отыр.

XS
SM
MD
LG