Пентагонның деректері бойынша, Иран Ирактың шығысындағы радикалдық "Ислам мемлекеті" тобының позицияларына әуеден соққы берген. Журналистер алдында сөйлеген Пентагонның баспасөз хатшысы, контр-адмирал Джон Кирби тегеранның әуе шабуылдарын Вашингтонмен келіспегенін айтты.
Пентагон өкілінің айтуынша, Иран Ирак территориясындағы нысанға ұшқыш басқаратын ұшақтан бірінші рет соққы беруі мүмкін. Иран әскери әуе күштері соңғы бірнеше күнде Ирактың Дияла провинциясына бірнеше рет әуеден соққы бергені туралы ақпараттар шыққан.
Кирбидің айтуынша, түрлі елдердің Ирактың әуе кеңістігіндегі әскери операцияларын үйлестіру туралы шешімді Бағдад қабылдауы тиіс.
Кейбір ақпараттарға қарағанда, Иран Ирак үкіметіне "Ислам мемлекеті" ұйымымен күресте көмек көрсетеді. АҚШ билігі бұған дейін Вашингтон әскери операцияларын Иранмен үйлестірмегенін бірнеше рет мәлімдеген.