АҚШ вице-президенті Джо Байден Иранға қарсы санкцияларды күшейтуге қарсы екенін мәлімдеді. Ол "Қазір тәуекелге баратын кез емес. Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді кез келген сәтте тоқтата аламыз" деген.
Байден бұл мәлімдемесін Вашингтондағы Брукингс институтында айтқан. Ол "Санкциялар Иран экономикасы мен ядролық бағдарламасының дамуын онсыз да баяулатып тұр" дейді.
Алты ірі держава мен Тегеранның Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздері 12 жыл бойы жүріп келе жатыр. Өткен айда ғана бұл келіссөздерде мәміленің ұшы көрініп, Тегеранға тарихи ымыраға келуге жеті ай уақыт берілген болатын.
Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия, Ресей және АҚШ Иранның уранды байытуын тоқтатқысы келеді. Олар Иранның уақыт созуын бомба жасауға мүмкіндік алу әрекеті деп санайды. Иран ядролық қару жасамайтынын мәлімдеп отыр.