Accessibility links

ҚМДБ имамдардың этика кодексін қабылдады


Мешітте уағыз айтып отырған имам. (Көрнекі сурет).
Мешітте уағыз айтып отырған имам. (Көрнекі сурет).

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) отырысында "Дін қызметкерлерінің этикалық ұстанымдары мен мінез-құлық нормалары" кодексі қабылданды.

Кодексте "дін қызметкерлері - имамдар заманауи коммуникация мен байланыс орнату құралдары меңгеріп, компьютерлік сауаттылығын көтеруі, интернетті пайдалана алуы тиіс" делінген. Бұған қоса кодексте имамдардың көркем сөйлеп, диалог орнату өнерін меңгеруі тиіс екені де айтылады.

Этика кодексі имамдарды мешітке келушілермен сыпайы қарым-қатынас орнатуды және олардың өтініштерін орындауға міндеттейді. Имамдарға діни білімнен өзге зайырлы білім алу, қосымша оқу мен біліктілігін арттыру жүктелген. Имамдардың отбасы қоғам үшін үлгі болуы және имамдар қоғамдық өмірге белсенді араласып, қайырымды істердің бастаушысы болуы тиіс екені айтылады.

Қазақстандағы бірқатар министрліктерде мемлекеттік қызметкердің этика кодексі қабылданған. 2012 жылдан бері Қазақстанда журналистердің де этика кодексі бар.

XS
SM
MD
LG