Accessibility links

Өзбекстанның Ресейге қарызын азайтатын келісімге қол қойылады


Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 7 ақпан 2014 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 7 ақпан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен Өзбекстанға барды. Кремльдің хабарлауынша, Путиннің бүгін Ташкентке сапарында сауда, инвестиция және мәдениет саласындағы "стратегиялық әріптестікті" талқылау жоспарланған.

Путин мен Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың келіссөздерінде бұған қоса Өзбекстаннан ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдау мәселесі де қаралмақ. Жоспар бойынша, Путин мен Каримов аймақтық қауіпсіздік пен Ауғанстандағы жағдайды да талқылайды.

Путиннің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, сапар барысында екіжақты бірқатар құжаттарға, оның Өзбекстанның Ресейге 890 миллион АҚШ доллары қарызын азайтуды қарастыратын келісімге қол қойылады.

Путин мен Каримов соңғы рет қыркүйек айында Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде кездескен.

XS
SM
MD
LG