Accessibility links

АҚШ Кубамен байланысын қалпына келтірмек


АҚШ президенті Барак Обама Кубамен қарым-қатынасты қалпына келтіру жайлы мәлімдеме жасап тұр. Вашингтон, 17 желтоқсан 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Кубамен қарым-қатынасты қалпына келтіру жайлы мәлімдеме жасап тұр. Вашингтон, 17 желтоқсан 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обаманың айтуынша, Вашингтон Кубамен дипломатиялық қарым-қатынасын жақсартады. Ақ үйде сөйлеген Обама Вашингтон Кубаға қатысты "ондаған жылдар бойы АҚШ мүддесін таныта алмаған ескірген саясаттан бас тартатынын" мәлімдеді.

Барак Обама Кубаға қатысты саясаттың өзгергеннен АҚШ-тың Гаванадағы елшілігінің жұмысы қайта жанданып, көп жылдық тауар эмбаргосы алынып тасталатынын айтты.

Бұған дейін, желтоқсанның 17-сі күні ертерек Кубада Гаванамен тұтқындар алмасу келісіміне сай америкалық гуманитарлық қызметкер Алан Гросс босатылған.

Куба президенті Рауль Кастро Обамамен қатар жасаған мәлімдемесінде "Біз АҚШ-пен дипломатиялық байланысты қалпына келтіруге келістік" деді.

АҚШ пен Куба арасындағы байланыс 1959 жылы Кубада билікке Фидель Кастро келген революциядан кейін үзілген еді.

XS
SM
MD
LG